Қош келдіңіз!

Описание изображения

Құрметті ата-аналар, әріптестер және қонақтар!

Астана қаласы әкімдігінің "№ 61 "Шолпан " балабақшасы" МКҚК сайтына қош келдіңіздер!

Қазіргі уақытта балабақшамыз еліміздің озық мектепке дейінгі ұйымдарының бірі болып табылады. 2011 жылғы 09 желтоқсанда алғашқы балабақшаның салтанатты ашылуы өтті.

Астана қаласы әкімдігінің "№ 61 "Шолпан" балабақшасы" МКҚК – бұл баланың алғашқы күндерінен бастап жайлы және қызықты болатын, оның интеллектуалдық, шығармашылық және физикалық дамуына ықпал ететін, әр баланың жеке қабілетін ашуға мүмкіндік беретін әлем.

Балабақшада балалардың қауіпсіз болуын ескере отырып, мектепке дейінгі білім берудің заманауи үрдістеріне және санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін материалдық-техникалық база нығайтылып, пәндік-кеңістіктік орта құрылды.

Балабақшада адам ресурстарын басқару жоғары білікті пікірлестер тобын құруға бағытталған. Педагогтер қызықты және шығармашылық идеяларды үнемі іздейді, сондықтан мектепке дейінгі балалық шақ балалар үшін тәрбиелік, жарқын, дамытушылық кезеңге айналады. Педагогикалық процестің тиімділігінің маңызды шарты - балалармен жұмыс жасауда инновацияларды қолдану.

Педагогтердің өз шеберліктерін республика деңгейінде де, шетелде де арттыруға мүмкіндігі бар.

Алыс және жақын шет елдердің педагогикалық тәжірибесінің озық жетістіктері жұмыс тәжірибесіне енгізіліп келеді, инновациялық-эксперименттік іс-шараларға әдістемелік қолдау көрсетіледі. Жетілдірілген халықаралық тәжірибелер қолданылады: тілдік ортаға ену әдісі, «Бестемше» ұлттық әдістемесінің элементтері, роботтехника негіздері және т.б.

Балабақшалар негізгі оқу жоспарынан басқа қосымша білім беру мен қосымша қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту балабақшада басым бағыттарының бірі болып табылады. Балабақшаларда 4 мезгіл теңдестірілген тамақтану ұйымдастырылған, денсаулық сақтау технологиялары қолданылады: шынықтыру, тұз шахтасы, каратэ-до, құмтерапия және т.б. Жоғары білікті медицина қызметкерлері оқу үдерісіне жоғары сапалы медициналық көмек көрсетеді.

Бізде мақтанатын жағдайлар да бар! Біздің балабақшаларымыздың тәрбиеленушілері зияткерлік, шығармашылық және спорттық байқаулардың жеңімпаздары болып табылады. Біздің балабақшада қызметі өзара құрметке, сенімге және іскерлік қатынастарға негізделген!

Әріптестерімізбен жемісті ынтымақтастық отандық мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың игілігі үшін! Біз жинақталған тәжірибемізді республиканың әртүрлі өңірлеріндегі әріптестерімізбен бөлісуге қуаныштымыз.

Балабақшалардағы әрбір таң ғажайыппен басталсын, бүлдіршіндердің дауыстары сыңғырлап, тәрбиешілердің күлкілері жарқырай берсін. Балаларымыз бен олардың ата-аналарына денсаулық, амандық, қуаныш тілейміз! Біздің бірлескен күш-жігеріміз әрқашан балаларға әдемі ертегілер жасап, шынайы сиқырдың жүзеге асуына жол берсін!

Құрметпен,

Астана қаласы әкімдігінің "№ 61 "Шолпан " балабақшасы" МКҚК

Меңгерушісі Махашева З.У.

1 Наурыз
Алғыс айту күні

8 (7172) 30-05-00

sadik.sholpan@mail.ru

@sholpan.sadik61

@sholpan.sadik61