You are currently viewing №61 «Шолпан» МКҚК балабақшасы Бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау бойынша сараптама кеңес отырысының № 3 хаттамасы

№61 «Шолпан» МКҚК балабақшасы Бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау бойынша сараптама кеңес отырысының № 3 хаттамасы

Өткізілген уақыты:  12 . 09. 2023 жыл

Қатысқандар саны: 8

Күн тәртібі :

  1. Балабақшадағы бос орынға педагог  үміткерлердің құжаттарын қарау.
  2. Конкурстық комиссия мүшелерімен келісу, мектепке дейінгі ұйым  басшысына үміткерді ұсыну.

Астана қаласының әкімдігінің №61 «Шолпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны балабақшасына тәрбиеші лауазымына 3,музыка жетекшісіне 1 үміткерлер құжаттарын тапсырды.

Осы орайда үміткерлерді іріктеуді жүзеге  асыру үшін конкурстық комиссия 2023 жылғы 12 қыркүйекте   отырыс өткізілді, отырыс барысында сөз алған балабақша меңгерушісі З.Махашева  күн тәртібінде қаралатын мәселермен таныстырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педаготерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрықпен таныстырып, мектепке дейінгі ұйымда балабақшаға педагог  кадрлар конкурс арқылы қабылданатыны туралы айтты.

    Келесі сөзді алған балабақша іс жүргізушісі Ә.Шаймерденова Мектепке дейінгі  ұйым сайтындағы педагог бос лауазымға 3 педагог ,1 педагог музыка жетекшісіне құжаттарын өткізгені туралы айтып, үміткерлердің қызметтік парағымен таныстырды. 

Үміткер туралы мәлімет:

1.Әбиір Сымбат Мұхалиханқызы ,білімі жоғары. Оқу орны : Тараз қаласының Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің педагог-психолог мамандығы бойынша 2019 жылы бітірген.Санаты жоқ. Еңбек өтілі 2,5 жыл. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс атқарған.Қайта даярлау курсынан 2021 жылы өткен. Комиссия мүшелері Сымбат Мұхалиханқызына  бірнеше сұрақтар қойып,жауаптарына қанағаттанды.

Комиссия құрамы Әбиір Сымбат Мұхалиханқызын тәрбиеші лауазымына өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша тестілеуден яғни білімін бағалаудан өткенше қабылдауды ұйғарды.

2.Сапарғали Гүлдерай Мейрамқызы  -білімі арнаулы-орта,М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледжінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бөлімін 2023 жылы бітірген,жас маман.Педагогтердің білімін бағалаудан өту туралы сертификаты бар,өтілген күні 20.08.2023ж-педагог –тағылымдамашы,педагог. Комиссия мүшелерінің қойылған сұрақтарына толық жауап берді.

Комиссия құрамы Сапарғали Гүлдерай Мейрамқызын  тәрбиеші лауазымына қабылдауды ұйғарды. Меңгеруші жас маманға сәттілік пен жетістіктерді тіледі.

3.Байғабыл Назгүл Мейрамқызы-білімі арнаулы-орта,Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледждің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бөлімінің түлегі.Еңбек өтілі 2 жыл3ай. Конкурс барысында «Тәрбиеші маманын неге таңдадыңыз?»-деген сұраққа,үміткер мен балаларды өте жақсы көремін,балалармен жұмыс істеу өте қызықты,сондықтан таңдадым-деп жауап берді.

Комиссия мүшелері бір ауыздан Байғабыл Назгүл Мейрамқызын тәрбиешілік лауазымына қабылдауды ұйғарды.

3.Орынбасар Кенжегүл Орынбасарқызы-білімі жоғары, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институттің музыка бөлімін бітірген.Еңбек өтілі-8жыл 7 ай.Соңғы жұмыс істеген орны №6 «Көктем»балабақшасы.

Бұл балабақшаға еңбек КZ сайтынан хабарландыруды көріп,әрі мекен жайым осы арада болғандықтан келдім. Өмірлік ұстамым –балаларды музыка арқылы әсемдікке баулу.

Комиссия құрамы Орынбасар Кенжегүл Орынбасарқызын музыка жетекшісі лауазымына өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша тестілеуден яғни білімін бағалаудан өткенше қабылдауды ұйғарды.

Шешімі: 2023 жылдың қыркүйек айының 12-нен №61 «Шолпан»  балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына:

  1. Әбиір С.М..тәрбиеші лауазымына өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша тестілеуден яғни білімін бағалаудан өткенше  қабылдансын;
  2. Орынбасар Кенжегүл Орынбасарқызын музыка жетекшісі лауазымына өндірістік қажеттілікке байланысты уақытша тестілеуден яғни білімін бағалаудан өткенше қабылдансын
  3. Сапарғали Гүлдерай Мейрамқызын  тәрбиеші лауазымына қабылдансын;
  4. Байғабыл Назгүл Мейрамқызын тәрбиешілік лауазымына қабылдансын.

Конкурстық комиссия төрайымы                                   З.Махашева

Хатшы:                                                                                  Ә.Шаймерденова

Добавить комментарий