You are currently viewing <strong>№61 «Шолпан» МКҚК балабақшасы</strong> <strong>Бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау бойынша</strong> <strong>сараптама кеңес отырысының</strong>

№61 «Шолпан» МКҚК балабақшасы Бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау бойынша сараптама кеңес отырысының

Өткізілген уақыты:  18 . 10. 2023 жыл

Қатысқандар саны: 6

Күн тәртібі :

  1. Балабақшадағы бос орынға педагог  үміткерлердің құжаттарын қарау,жұмысқа қабылдау конкурсын өткізу.

Тыңдалды:

Астана қаласының әкімдігінің №61 «Шолпан» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны балабақшасына тәрбиеші лауазымына үміткерлер құжаттарын тапсырды.

Үміткерлерді іріктеуді жүзеге  асыру үшін конкурстық комиссия 2023 жылғы 18 қазан күні   отырыс өткізілді, отырыс барысында сөз алған балабақша меңгерушісі З.Махашева  күн тәртібінде қаралатын мәселермен таныстырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педаготерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрықпен таныстырып, мектепке дейінгі ұйымда балабақшаға педагог  кадрлар конкурс арқылы қабылданатыны туралы айтты.

    Келесі сөзді алған балабақша іс жүргізушісі Ә.Шаймерденова Мектепке дейінгі  ұйым сайтындағы тәрбиеші бос лауазымына 2 педагог құжаттарын өткізгені туралы айтып, үміткерлердің қызметтік парағымен таныстырды. 

Үміткер туралы мәлімет:

1.Сапарғали Тоғжан Бауыржанқызы,-білімі арнаулы-орта. Оқу орны : 2023 жылы Қостанай гуманитарлық колледжінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бөлімін тамамдаған,жас маман. Педагогтердің білімін бағалаудан өту туралы сертификаты бар,өтілген күні 22.08.2023ж-педагог –тағылымдамашы,педагог. Комиссия мүшелерінің қойылған сұрақтарына толық жауап берді.

Комиссия құрамы Сапарғали Тоғжан Бауыржанқызын тәрбиеші лауазымына қабылдауды ұйғарды.

2.Смагулова Асемгуль Кайроловна -білімі жоғары,Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бөлімін 2020 жылы бітірген, педагог-модератор санатын 2023жылы алған.Еңбек өтілі 13 жыл.

Комиссия мүшелерінің қойылған сұрақтарына  Асемгуль Кайроловна толық әрі қанағатты жауап берді.

Комиссия құрамы тәрбиеші лауазымына Смагулова Асемгуль Кайроловна қабылдауды ұйғарды.

Шешімі: 2023 жылдың қазан айының 18-нен №61 «Шолпан»  балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына:

1. Сапарғали Тоғжан Бауыржанқызын тәрбиеші лауазымына қабылдансын.

2. Смагулова Асемгуль Кайроловнаны тәрбиеші лауазымына қабылдансын.

Конкурстық комиссия төрайымы                                   З.Махашева

Хатшы:                                                                                  Ә.Шаймерденова

Добавить комментарий