Бұл жарысқа Көктал -1 кенттегі №39 «Меруерт», №85 «Мейіржан», №65 «Бал-бала», №61 «Шолпан» балабақшалары қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Мақсаты: Осы ойынды балалармен бірлесе отырып, насихаттау.
Жарыс әділ, тартымды өтті. Ата-аналар тарапынан осындай жарыстар әр балабақшада өткізілсе деген ұсыныс түсті. Жарысты өткізу барысында №61 «Шолпан» балабақша тәрбиеленушілері қатысушыларды өз өнерлерімен қуантты. Қатысушылар марапаталып жақсы көңіл күймен кайтты.



