Біздің № 61 « Шолпан» балабақшасында жалпы ата-аналар жиналысы болды. Балабақша меңгерушісі З.У Махашева ата –аналарды балабақшаның жұмысымен таныстырып өтті. Ал балабақша әдіскері М.Е.Мирманова балабақшадағы күнделікті іс-әрекеттері мен іс-шаралардың өтіліп жатқанын слайд арқылы экраннан көрсетті.Балабақша медбикесі қазіргі таңдағы балалардың көп ауырып жатқаны жөнінде және балалар арасында соңғы кезде жиі кездесетін эпилепсия аурулары туралы слайд көрсетіп түсіндіріп өтті.Балабақша психологі ата-аналармен бірлесе отырып тренинг өткізді .
Ата –аналар өздерінің ойландырып жүрген сұрақтарына жауаптарын алып ризашылықтарын білдірді.



