Бүгін біздің балабақшамызда балалар мен Евразия ұлттық университетінің студенттер арасында Бестемше ұлттық ойынынан жолдастық кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты : тәжірибе алмасу және насихаттау.
Балабақша ұжымы «Бестемше»ұлттық ойынының үстел үстінде ойналатын бірнеше түрлерін көрсетті.Мысалы:дөңгелек үстел қазақтың ұлттық ою-өрнегімен нақышталған асықпен ойналатын және ғарыш кеңістігіндегі ғаламторлар негізінде жұлдызшалармен ойналатын түрімен қонақтарды таныстырды. Ойынның бұл түрлері келген қонақтарға ұнады және қызығушылықтарын танытты,өйткені бұл ойынның түрлері қазіргі заман талабына сай ойластырылған. Сонымен қатар балабақша тәрбиешілері өздерінің жинақтаған көрнекі құралдарымен таныстырды. Көрнекі әдістемелік құралдар балаларды Бестемше ойынына дейінгі саусақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар жинағы болып табылады.
Кездесу тартымды,қызықты өтті.





