You are currently viewing 24 сәуір мен 28 сәуір аралығында біздің балабақшада

24 сәуір мен 28 сәуір аралығында біздің балабақшада

24 сәуір мен 28 сәуір аралығында біздің балабақшада «Тіл- ұлт байлығы,халық қазынасы» атты апталық ұйымдастырылып өткізілді.Апталыққа балалар мен бірге балабақша ұжымыда белсене ат салысып қатысты.Апталықты «Мерген» ересек топ балалары ойын-сауықпен ашты. Ойын-сауықты осы топтың тәрбиешісі Ж.Нұрлыбаева ұйымдастырды. Балалар орыс,қазақ тілідерінде өлең-жырларды мәнерлеп оқып, ұлттық ойындарды жақсы көңілмен ойнады.

Ортаңғы топ балаларымен тәрбиешілер«Қазақстан халқының бірлігі» атты оқу іс-әрекеттерін өткізді.Осы іс-шараларда балалар әр халықтың негізгі қазынасы –тіл екенін,тілді құрметтеп,сақтау керегін түсінді.27-28.04.23 күндері мектепалды топ балаларымен «Көп ұлттық,тату елім –Қазақстан!»-ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікті балабақша ның музыка жетекшісі Г.Смагулова мен тәрбиешілер: Г.Көпенова, Р.Прназарова, Б.Орынбаева, А.Аусарова дайындады.Балалар әр ұлттың киімдерін киіп,сол халықтың билері мен әндерін орындады. Балалар әр халықтың ұлттық ойындарында қызығушылықпен ойнады.

Пікір үстеу