Бүгін, 26 мамыр күні балабақшамызда «Юпитер» және «Орбита» мектепалды топтарының балаларымен «Қош бол балабақша!» атты ертеңгіліктер өтті. Мерекелік іс-шара өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Балалар соңғы ертеңгілігіне тиянақты дайындалған.Әсерлі шырқаған әндері мен әдемі билері және мәнерлеп оқыған өлең-жырлары ата-аналар мен балабақша ұжымын қатты тебірентті. Ертеңгілікте балалармен бірге ата аналар да ойындар ойнады..Балаларымызға бүгінгі күн керемет әсер қалдырды. Ата –аналар балабақша ұжымына жақсы тілектер айтып ризашылықтарын білдірді.
