БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Астана қаласы әкімдігінің №61 «Шолпан» балабақшасы МКҚК мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығымен» бірлесе 2024 жылғы сағат 10:00 20 желтоқсанда «Бестемше ұлттық ойыны арқылы ерекше білімді қажет ететін балалардың ой өрісін кеңінен дамыту» жобасы тақырыбында семинар өтеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, №61 «Шолпан» балабақшасы, Бәсіре көшесі 2.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің №61 «Шолпан» балабақшасы МКҚК мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы».
Мақсаты: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар және жеке мүмкіндіктері ескерілген балалардың «Бестемше» ұлттық ойыны арқылы ой-өрістерін, қол моторикасын дамыту.
Семинар аясында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың дамуының өзекті мәселелерімен, шешу жолдары талқыланады.
Семинар жұмысына қатысады: Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының инклюзия психологтері, тәрбиешілері, «Әдістемелік орталығының» мамандары.
Спикерлері: №61 «Шолпан» балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы – Ә. С. Ахмет, балабақша психологі Д. Б. Каратаева, Еуразия ұлттық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының доценті, «Бестемше» маманы К. К. Куланова, Астана қаласын әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» әдіскері А. Қ. Каримова.
Барлығы 20-қа жуық адам қатысады деп жоспарлануда.
Нәтижелері бойынша қатысушылар тегін қолжетімділік үшін http://sholpan61.edu.kz сайтында орналастырылатын ұсыныстар әзірлейді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 7172 300 500, т-+77773230895, e-mail: sadik.sholpan@mail.ru