You are currently viewing Ананың мейірімділігі

Ананың мейірімділігі

Қазіргі заманда ата-аналар жұмыспен, тұрмыс тіршілігімен әуре болып, балаларына жеткілікті уақыт бөле алмай жатады. Күнделікті қарбалас өмірде ата-ана мен бала арасындағы байланыс әлсіреп, бір-біріне деген түсіністік пен жылулық азаяды. Баланың тәрбиесінде ең маңызды нәрсе – ата-ананың мейірімі, қамқорлығы және бірге өткізген сәттері.

Осы мәселені назарға ала отырып, біздің балабақша ата-аналар мен балалар үшін ерекше шара ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты – ата-аналардың балаларымен көбірек уақыт өткізуінің маңыздылығын көрсету. Шара барысында әр отбасы баласымен бірге ойнап, түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындап, қызықты қойылымдарды тамашалады.

Осындай іс-шаралар ата-аналарға балаларының жанында болудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Баланың бақытты болып өсуі үшін оған қымбат сыйлықтар емес, ата-ананың мейірімі мен назары қажет. Бүгінгі күннен бастап әрбір ата-ана өз баласына көбірек уақыт бөліп, онымен бірге уақыт өткізудің маңыздылығын сезінсе екен дейміз.

Пікір үстеу