«Армысың Наурыз-Жыл басы»

Бүгін балабақшамызда 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы кұні-Наурыз» мерекесі тойланды. Балабақша топтары ауыл- ауылға бөлініп мерекені қызықты өткізді. Барлық қатысушылар ұлттық киімде,зал мерекеге сай безендірілген.Балалар мерекеге дайындаған әндерін тамылжыта орындап, билерін билеп, қазақтың ұлттық ойындарын қызыға ойнап,бар өнерлерін көрсетті.Қазақтың ұлттық ойындары;»Монданақ»,»Соқыр теке»,»Тақия тастамақ»,»Қалпақ ұру», «Орамал тастамақ»ойындары ойнатылды.Балалардың барлығыда қызыға ойнады.Сонымен қатар  ұлтымыздың салт-дәстүрлері де(Бесікке салу,Тұсау кесер) көрсетілді.Мерекенің шыңы Қыдыр Атамыздың келіп,тәрбиеленушілерге бата беруі болды. Мерекеден балалардың алған әсері жоғары,көңіл-күйлері көтерілді.

Пікір үстеу