You are currently viewing Астана қаласында 14 сәуір 2023 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында

Астана қаласында 14 сәуір 2023 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында

Астана қаласында 14 сәуір 2023 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында «Бестемше ойынын үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктері» атты республикалық семинар өткізілді. Бұл семинарға Қазақстанның барлық жерінен балабақша әдіскерлері мен меңгерушілері қатысып,өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ Чехия,Түркия мемлекеттерінің өкілдері онлайн түрінде қатысып,өз елдерінде бестемше ойынының қалай дамып жатқаны туралы мәлімет берді.Осы семинарға №61 балабақша меңгерушісі Зарина Уйсенбаевна Махашева эксперименттік алаңның жеткен нәтижелерімен тәжірибе алмасты. Семинарға қатысушылар біздің авторлық үстел үсті «Бестемше оюлар әлемінде», «Ғарыштағы бестемше» ойындарына қызығушылық танытып,өздері ойнап та көрді. Балабақшамыздің балалары «Бестемше»әнімен өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, Бестемше ойынын ойнап қонақтарды таң қалдырды. Ал балабақша тәрбиешілері келген қонақтарға Бестемше ойынынан шебер-сынып көрсетті.

Пікір үстеу