Бүгін 18.03.22 жылы №61 «Шолпан»балабақшасында І қалалық зияткерлік «Бестемше»ұлттық ойынынан жарыс өтті.

Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа білім мен тəрбие берудегі басты міндеттердің бірі – ұлтжанды, елін сүйетін, халық дəстүрін құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен азамат тəрбиелеу болып табылатыны анық. Ал, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің бір жолы – халқымыздың бай ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау болып табылады.

Мақсаты: Ұлттық ойын  баланың танымдық ойлау қабілетін,тілін дамытумен қатар, балаларымызды ұлтжандылыққа, елін, Отанды сүюге тәрбиелейді.

Жарыс белгіленген ойын ережесі бойынша өткізіледі. Ойын 5 айналымнан тұрады. Барлық қатысушылар бір-бірімен ойнап шығады.

Бүгінгі алғашқы жарыста 13 балабақшадан 13 бала қатысуда. Әр балабақшада жарыс өткізіліп,сол жарыстағы жеңімпаз бүгінгі жарысқа қатысып отыр.

«Бестемше» ойынын ересек топ балаларынан,яғни 4- 5 жастан бастап үйреткен тиімді. Тоғызқұмалақ ойынынан Бестемше ойыны балаларға үйренуге жеңіл,әрі ойын ережесі күрделі емес.

Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымдарда насихаттау керектігіне бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Бұл ойындар баланы адамгершілікке,патриоттыққа,шапшаңдық пен ептілікке тәрбиелейді,әрі ой,есте сақтау қабілеттерін ,тілін дамытады.