Балалардың қимыл-қозғалысы арқылы денсаулығына, дене түзілісінің дұрыс жетілуіне назар аудару, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым-қатынасын нығайту, ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа баулу.
Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол – күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
