Мамыр айының 30 күні балабақшамызда алғашқы «Зияткер педагог» атты «Бестемше» ұлттық ойынынан жарыс өткізілді. Жарыс Бестемшенің рапид түрі бойынша швейцар жүйесімен өткізілді. Жеребені арнайы компьютерлік бағдарлама жасады. Әр қатысушыға ойын соңына дейін 10 минут уақыт берілді. Жарысты Астана қаласының тоғызқұмалақ спорты Федерациясы бекіткен төрешілер алқасы жүргізіді. Жарысқа Астана қаласының 27 балабақшаларынан бір педагогтан қатысты. Жарыс өте тартымды, әділ өтті.
Жарыс нәтижесі : үшінші (3) орын №92 «Жауқазын» балабақшасы мен № 76 «Әдемі» балабақшасы, екінші (2)орын- №70 «Құлыншақ»балабақшасы, бірінші (1) орын -№61 «Шолпан»балабақша педагогтары жеңіп алды.
Астана қаласының тоғызқұмалақ спорты Федерациясы атынан жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар және ақшадай сыйлық берілді.
Жарысқа қатысқан балабақша педагогтары жарыс ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді.