№61”Шолпан” балабақшасында “Жырлайды жүрек” атты ата-аналарға арналған поэзия кеші өтті. Бұл – поэзия мерекесі. Кеште Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Міржақып Дулатұлы, Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова және Сүндет Байтілеуов сияқты ақындардың өлеңдері ғана оқылмай, әсем әндер де шырқалып, қатысушылар көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Балабақша меңгерушісі Зарина Уисимбаевна “Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз- ата-ана” екенін айта кетіп, бүгінгі әдемі поэзия кеші үшін ата-аналарға ризашылығын білдірді. Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мұғалімі Жунусова Г.Ж. Жайсановна, музыка жетекшілері Смагулова Г. А., Орынбасар К.О.
